24.11 біздің мектепте "Жер-біздің ортақ үйіміз!?" атты тақырыпта онлайн-семинар болып өтті. Семинардың мақсаты-оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру. Іс-шара 4-сынып оқушылары арасында ойын-жарыс түрінде өтті, оларға тәлімгерлер - "Мейірімділік хабаршылары" мектеп жасағының еріктілері, біздің "Үркер" балалар бірлестігінің белсенділері - Пушкарев Роман, Сандр Ангелина, Картабаева Диляра, Нарматова Ульяна, Шагиева Камиля көмектесті.
Іс–шара үш деңгейлі тапсырмадан тұрды – сұрақтарға жауаптар (миға шабуыл), ұсынылған экологиялық жағдайатты шешу және үй тапсырмасы (қажетсіз заттарға екінші өмір сыйлау) және ZOOM платформасында алдын-ала өткізілді. Семинардың барлық қатысушылары осы іс-шараның бейнежазбасымен алдын ала танысты.
Осындай виртуалды онлайн-ойынға қатыса отырып, біздің оқушылар ZOOM бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін сезіне алды: балалар секцияларға бөлу арқылы топтарда жұмыс істеді, берілген тақырып бойынша өз ойларын еркін айта алды, аға тәлімгерлермен кеңесіп, осы іс-шараның арқасында табиғаттың барлық байлығын сақтау және оны ластамау керектігін түсінді, бұл үшін қолөнер мен пайдалы заттарды жасау үшін қажетсіз қалдық материалдарды қолдануға болады.
Балалар өз міндеттерін өте жақсы орындады! Қатысқаны үшін рахмет! Әріптестеріме өткен іс-шара туралы жылы, оң пікірлер мен тілектер үшін үлкен алғысымды білдіремін!
Мұрат Аянұр - 7 мектептің аға тәлімгері.