«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ю. А. Гагарин атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «Общеобразовательная школа №7 имени Ю.А.Гагарина города  Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

/public/files/2025/2/28/280225_190645_otchet-po-gosudarstvennym-uslugam-za-2024-god.docx

 

2024 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

 

 1. Жалпы ережелер.

       1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Ю.А. Гагарин атындағы №7  жалпы орта  білім беретін мектебі" КММ заңды мекенжайы Степногорск қаласы, 6 шағынаудан, 3 ғимарат.

       2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

     "Ю.А. Гагарин атындағы №7 жалпы  орта білім беретін мектебі" КММ-де білім беру саласында  7  Мемлекеттік қызмет көрсетілді.

      2024  жылы 147 қызмет көрсетілді;

көрсетілген мемлекеттік қызметтердің электрондық нұсқасында- 107қызмет;

көрсетілген мемлекеттік қызметтер электрондық үкіметпен – 80 қызмет;

ақпараттық жүйе бойынша – 27 қызмет;

көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада көрсетілген – 40  қызмет.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

 

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

 

403003   "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" -52

 

403004    «Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» – 0

 

403015     «Бастауыш,негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» – 25

 

803014      «Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау» - 0

 

803005    «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»– 3

 

403010      «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» - 40

 

803008     «Білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» -0

 

2.Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

 

   Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

  Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста  Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері орналастырылған   білім басқармасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

     2024 жылы әлеуметтік желілерде 20 ақпараттық хабарлама жарияланды. Ай сайын халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.

Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, 2 қызметкер қызмет  көрсетеді, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында 2 қызметкер біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

    2024 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға шағымдар түскен жоқ.

2025 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.02.2025 19:07
Құрылған күні: 05.03.2025 13:17

Текст