«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ю. А. Гагарин атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «Общеобразовательная школа №7 имени Ю.А.Гагарина города  Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Президент Citigroup бас атқарушы директоры Джейн Фрейзермен кездесті

Президент Citigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзермен кездесті

Кездесу барысында америкалық қаржы холдингінің еліміздегі қызмет аясын кеңейту перспективалары талқыланды.

▪️Еліміздегі бірден-бір америкалық банк саналатын Citibank Kazakhstan – халықаралық инвесторлар, мемлекеттік сектор және ірі кәсіпорындар үшін жетекші серіктестердің бірі.

✅ Мемлекет басшысы жуырда жариялаған Қазақстан халқына Жолдауы аясында Үкіметке осы саладағы бәсекелестікті арттыру үшін елімізге үш сенімді шетелдік банкті тарту міндетін жүктегенін атап өтті.

✅ Президент Астана халықаралық қаржы орталығының жаһандық инвесторлармен байланысын қамтамасыз ету және қаржы секторының цифрлық трансформациясын дамытуға атсалысу ісіндегі Citigroup компаниясының маңызды рөлін оң бағалады. 

✅ Мемлекет басшысы Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар жобаны қаржыландыруға ниет білдіріп отырған Citigroup холдингінің алдағы жоспарын қолдайтынын айтты.  

Сонымен қатар әңгімелесу барысында макроэкономикалық болжамдар мен әлемдік қаржы нарығындағы негізгі үрдістер талқыланды.

✍️ Кездесу аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Citibank арасында Wabtec локомотивтерін сатып алу үшін қаржыландыруды ұйымдастырудың негізгі шарттары туралы келісімге қол қойылды.

Жаңартылған күні: 18.09.2023 11:19
Құрылған күні: 18.09.2023 11:19

Текст