Қашықтан білім алуға қолдау көрсету мақсатында Педагогикалық шеберлік орталығы педагогтар мен ата-аналарға арналған ашық онлайн курстарын әзірледі. Курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде тегін жүргізіледі.
Оқыту форматы-асинхронды, бұл тыңдаушыларға оқу уақытын және оқу қарқынын таңдауға мүмкіндік береді, курстың ұзақтығы - 40 академиялық сағат. Онлайн-курстың әрбір модулі өз бетінше оқуға арналған өзекті материалдарды қамтиды.
Педагогтарға арналған "Қашықтан оқытуды үйренемін" онлайн курсы (10.08 - 15.08)
Курс модульдері:
1. Қашықтан оқыту ерекшеліктері
2. Оқуға тарту
3. АКТ құралдары
4. Кәсіби ынтымақтастық
5. Қашықтан оқытуда ата-аналарды қолдау
Ата-аналар үшін онлайн курс:«Бақытты ата-ана – табысты бала» ( 2020 жылдың тамыз айынан бастап)
Курс модульдері: :
1. Жарқын болашақ дағдылары
2. Қашықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері
3. Оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері
4. Бақытты ата-ананың білігі мен дағдылары
Осы онлайн-курстарда Сіздердің алатын жаңа білімдер мен біліктеріңіз қашықтан оқыту форматында ұтымды қолдау көрсетуге мүмкіндік береді деген үміттеміз. ПШО-ның ақпараттық алаңшаларында оқыту үшін сілтемелер кейін жарияланады.