Текст
«Мектепке жол» акциясы аясында, жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде, аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына «Ақниет» және «Самұрық-Қазына» қорлары сөмкелер мен кеңсе тауарлары түрінде көмек көрсетті. Әлеуметтік педагог Исаева Римма Сергеевна 1-сынып оқушыларына сыйлықтар табыстады. Балалардың жақсы баға алуларына, қызықты жаңалықтары мен жарқын оқиғаларының көп болуына тілектеспіз!