2025 жылдың 27 қаңтар күні «Ю.А. Гагарин атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, биология пәніне қызығушылықты дамыту: виртуалды шындықтан жасанды интеллект» тақырыбында қалалық биология пән мұғалімдерінің семинары өтті.
Семинардың мақсаты: Виртуалды шындық және жасанды интеллекттің білім беру үдерісіндегі рөлін түсіндіру арқылы оқушылардың мотивациясын және білім сапасын арттыру жолдарын анықтау.
Семинарда мектебіміздің биология пән мұғалімі жас маманТыщенко Анастасия Александровна 10 «Б» сыныбымен «Қартаю. Қартаю процесі туралы теориялар» тақырыбында өз іс тәжірибесімен бөлісті. Биология пәнінен қосымша жұмыс атқаратын Кожамжарова Айсара Бахытовна 7 «А» сыныбымен «Жануар ағзаларының қозғалу мүшелері» тақырыбында сабақ көрсетіп өз тәжірибесімен бөлісті . Семинардың қорытынды бөлімінде келген қатысушылармен сабақта қолданылған жаңа әдіс тәсілдерді сабақта қалай қолдануға болады? деген пікір таластар жүргізді. Семинарға қатысушылар көрсетілген сабақтарға жақсы баға беріп кері байланыс жасады.
/public/files/2025/1/27/270125_211411_esep-biologiya-seminarynan-1.docx