Экологиялық білім бала кезінен басталуы керек. Осы кезеңде адамгершілік негіздерін қалау керек, сұлулық сезімін, табиғаттың сұлулығын көре білу керек. "Таза Қазақстан" іс - шарасы аясында 4 сынып оқушылары арасында "Табиғат-біздің ортақ үйіміз"тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді. Шығармалар ертегі жанрында ұсынылды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарын алды.
Жауапты: сынып жетекшілері.