«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ю. А. Гагарин атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «Общеобразовательная школа №7 имени Ю.А.Гагарина города  Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады.

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады

Санжар Жаркешов:

✔️ұлттық компанияның биылғы бірінші жартыжылдықтағы негізгі қаржы-шаруашылық көрсеткіштері және газ саласын реформалау жұмыстарының барысы туралы есеп берді;
✔️«QazaqGaz» ҰК» акционерлік қоғамы 2022 жылдың басынан бастап Атырау, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласында өз қаражаты есебінен сомасы 400 миллиард теңге болатын инвестициялық жобаларды іске асырғаны жөнінде баяндады;
✔️былтыр жыл басынан бері ұлттық компания халық пен бизнес үшін газ бағасын 389 миллиард теңгеге субсидиялаған. Осы кезеңде 450 мыңға жуық қазақстандық табиғи газға қол жеткізген;
✔️газ тапшылығы мәселесінің шешілуіне қатысты мәлімет берді;
✔️Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральды газ құбырының екінші желісіне қатысты жобаның жүзеге асырылу барысы және Қытай Халық Республикасымен жаңа экспорттық келісімшартқа қол қойылуы жөнінде ақпарат берді;
✔️газ саласының орта мерзімді стратегиясын жүзеге асыру, газ өңдеу қуатын ұлғайту және елімізді одан әрі газбен қамтамасыз ету перспективалары жөнінде мәлімет берді;
✔️газдың ресурстық базасын кеңейту жұмыстары туралы баяндады: 2023 жылдың соңына дейін жаңа Анабай газ кен орны іске қосылатынын, сондай-ақ Придорожное кен орнын игеруге дайындық басталғанын жеткізді.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі нарыққа газ жеткізуді тұрақты түрде қамтамасыз етуге, жылыту маусымына уақтылы дайындалуға, үнемді тұтыну тұжырымдамасын енгізуге және баға белгілеу ісін реформалауға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi

Жаңартылған күні: 13.09.2023 15:30
Құрылған күні: 13.09.2023 15:30

Текст