9 сынып. Тақырып: «Мамандық таңдау маңызды іс»
Мақсаты: «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.
Міндеттері: Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту.
- Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.
- Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа форматты
сабақ бөлімі |
табыс криттерилері |
мұғалімнің іс-әрекеті |
оқушылардың әрекеті |
1.Қызығушылығын ояту 5 -мин |
Диалог құру
Ой қозғау
|
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. --- Қандай мамандық иелерін білесіңдер? Бейнебаян «Мың түрлі мамандық» |
|
2.Мағынаны тану 2- мин |
Жағдаятты талдау Ассоцияция
|
Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?
|
Ассоцяция Өздеріне қажет деген сөздерді теріп жазады
Оқушылардың комментариясы
|
3мин |
|
«Мамандықтар классификациясы» Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады. Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады. Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой — өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары. Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог. Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер |
Жаңа ақпаратты түсініп,өздеріне ой түйіндейді
Осы мамандықтардың сәйкесін табады |
1.7 мин |
СТО, Диалог
Диалог |
Сонымен мамандық дегеніміз не? Жұмбақ жан- бізге кейіпкеріміз хат жолдапты .Мен мектеп өмірінде бастауыш сыныптардың өзінде- ақ өнер адамдарына еліктеп, солардай болсам ғой деген арманмен өмір сүрдім. Өсе келе өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ. Сол себепті домбыра, ән-би өнерлеріне қатысып, көптеген елеулі жетістікке жеттім. Өнер десе ішкен асымды жерге қойып , өнер адамдарын пір тұттым. « Өнерліге өріс кең»,- дегендей ең бірінші ұстанған бағытым өнер әлеміне қанат қағу, өрлеп ұшу , алтын ұя мектебімді бітіріп, қазақ киносына үлес қоссам , сол арқылы қазақ халқының бай- салт- дәстүрін, мінез- құлқын өнерін, білімін бүкіл әлемге паш етсем деген арманым желге ұшты. Он бірінші сыныптың соңғы айларында ата- анам менің аялаған арманыма су септі. Сені біз заң мамандығына оқуға түсіруге келісіп келдік , сен болашақ заңгер болып биіктерге отырасың , айлық жалақың да көп болады, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады , деп- менің пікіріммен санаспай оқуға түсірді. Ата- ана сөзін аттап кете алмай , оқуға еш қиындықсыз түстім. Бүгінгі таңда заң факультетінің бірінші курс студентімін. Студенттік күндердің алғашқы сәтінен бастап көптеген қиындыққа кезігіп, ұстаздар тарапынан қатаң ескерту алып жүрмін. Бұл мамандыққа деген қызығушылық мүлде жоқ, ата- анамның әлі үйреніп, кетесің деген алдамшы сөзі құлағымнан кетер емес. Мен бұл заңгер мамандығын бітіріп шыққанның өзінде менен жақсы, білгір маман иесі шықпас. Менің қолымнан қаншама жазықсыз жандардың тағдыры қиылмасына кім кепіл. Олай дейтінім, сессия, емтиханның барлығын әкем шешіп қойғандай. Осы уақыт ішінде өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ, қалады өнер адамдарымен кездесу жиі өтіп тұрады екен, бұны көре тұра жаңадан өмір бастап , өнерге бет бұрғым келеді . Әлі де кеш емес – ау деп ойлаймын. Мен өзім қалаған мамандықтың соңына түсе алмай тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Мені қойшы , мені ойлантатын басты мәселе Қазақстанның түкпір- түкпірінде менің тағдырым сияқты өзге балалардың өмірі ойлантады. Менің жіберген қателігімді ешкім, еш жерде қайталамаса екен, олай болған жағдайда еліміздің болашағына балта шабылар. Менің осы хатымды оқып ақыл- кеңес беріңіздер ! Сұрақ- жауап :
Мақалды аяқта:
|
Күтілетін нәтиже: Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
Мамандық таңдаудың адам өмірінде маңызы зор,шынайы таңдаған адам бақытты болады.
|
5мин |
Топтық жұмыс
|
Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде
|
Өз ойларын айтып,білген түйгендерін ортаға салады |
7 мин
|
СТО |
|
зерттеушілік әңгімесін жүргізеді
|
5мин |
СТО Диалог Топтық жұмыс |
Мен қазір... |
Зерттеушілік әңгімесін жүргізе отырып бір шешімге келеді |
Ой толғау
10мин
|
Тренинг |
Қазіргі заманда зор сұранысқа ие болып отырған мамандық түрлері Мамандықтың жаңа түрлері |
Қағазға мамандықтың суретін салып, сызып өздерінің мінездеріне сай мамандықты таңдап, қорытынды шығарады |
Рефлексия |
«Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым?» жаттығуы |
Білген түйгендерін айтады және бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайтады |
|
|
|
|
|