Ұйымдар тізімі
2025 жылғы 09 қыркүйекте мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, кәмілетке толмағандардың жөніндегі инспектор, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, білім бөлімінің теолог маманы және барлық сынып оқушыларының ата-аналары (заңды өкілдері) қатысты.
Жиналыс барысында жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға байланысты келесі маңызды мәселелер талқыланды:
оқу жоспары;
тәрбие жұмысының негізгі бағыттары;ППҚҚжұмысымен ата-аналарды таңыстыру.
Оқушылардың мектепте және одан тыс жерлердегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету; теріс ағымдардың ортаға әсері; отбасыдағы әлеуметтік тәрбие;
балалардың оқу-тәрбие процесіндегі ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестігі.
Мектеп директоры ата-аналарға бірлесе жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдіріп, болашақта да нәтижелі серіктестік жалғасатынына сенім білдірді және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Жиналыс жылы әрі іскерлік атмосферада өтті. Барлық ата-аналарға мектеп өміріне белсене араласқандары үшін алғысымызды білдіреміз!

Конкурс