«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ю. А. Гагарин атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «Общеобразовательная школа №7 имени Ю.А.Гагарина города  Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті талапкерлер!

Осы жылы орын алған карантинге байланысты, елімізде құжаттарды тапсыру форматы өзгеріп, онлайн форматқа көшірілді.
Бүгінгі таңда, талапкерлердің көп бөлігі, шамамен 65% Egov электрондық Үкімет порталы арқылы өтініштерін берді.
Сонымен қатар, кейбір үміткерлерде порталмен жұмыс барысында ЭЦҚ алу кезінде қиындықтар туындауда. Одан бөлек, білім беру топтарын таңдау, дайындық бағыттары кескініндегі гранттар бойынша, мемлекеттік тапсырыс берілген ЖОО-лар бойынша, шығармашылық емтихандар мен басымдылық құқық бойынша мәселелер туындауда.
Осыған байланысты құжаттарды қабылдауды а.ж. 25-ші шілдеге дейін ұзарттық, ал жоғары оқу орындарында Виртуалды қабылдау комиссиялары ашылды. Олар арқылы білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш беруге де болады.
Сол жерде онлайн режимінде сұрақтарыңызды қойып, құжаттарыңызды тапсыра аласыздар.
Осылайша, Egov электрондық Үкімет порталы арқылы ғана өтініштерді беріп қоймай, ҰТО-ның ақпараттық қызмет көрсету баламалы жүйесі де жұмыс істеуде. Сол арқылы ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясының қызметкерлері Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беріп, қажетті білім беру тобын таңдауға көмек бере отыра Сізбен бірге өтініштеріңізді толтыратын болады.
ЖОО-лармен қалай байланысуға болады, олардың телефон нөмірлері қандай, виртуалды қабылдау арқылы қалай сұрақ қоюға болады?
Бұл ақпаратты testcenter.kz сайтынан басты бетіндегі ең бірінші (көгілдір) баннерді басып алуға болады.
Виртуалды қабылдау комиссияларына сілтемелер ЖОО сайттарындағы басты беттерінде де жарияланған!

Қосымша біздің байланыс телефондарымызды естеріңізге саламыз:
8 8000 80 71 77
+7 778 261 12 59
+7 777 441 53 06
+7 7172 69 50 87

Сонымен қатар, testcenter.kz сайтында (басты беттегі астыңғы бөлігіндегі оң жақта) Виртуалды ассистент бар, оның көмегімен де ЖОО-ның Виртуалды қабылдау комиссиясына түсуге болады.

Өтініш беруде сәттілік тілейміз!


Жаңартылған күні: 24.07.2020 16:59
Құрылған күні: 24.07.2020 17:06

Текст