Текст
Жаңа жылдың қарсаңында мектептің әлеуметтік педагогы Исаева Римма Сергеевна аса қажеттіліктері бар балалардың үйіне барып, оларды мерекемен құттықтап шықты. Балалар жаңа жылдық тақпақтарды қызығушылықпен айтып, соңында тәтті сыйлықтар алды. Осы жаңа жылдық мерекенің алдында әр бала сиқырлылыққа, таңғажайпқа сенеді. Сондықтан кішкентайлардың балалық армандары орындала берсін!