«23 сәуір -Ұлттық кітап» күніне орай, қалалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы, Республикалық мүшайралардың жүлдегері. Алматыда өткен Республикалық «Алматы арман қала» атты мүшәйраға 137 ақынның арасынан топ жарып 3 орын иегері атанған, Ақмола облысы ақындарымен өткен «Құшақта мені отаным» атты ақындар дуэлінің бас жүлдегері, «Степногорск қаласының 60 жыл мерейтойлық» медалімен марапатталған, Степногорск қалалық оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы қаламыздың мақтанышы, талантты ақынымыз Оспанов Еламан Аманұлымен «Қыл қалам ұшындағы қасиет» атты кездесу кеші өткізілді. Кездесу барысында оқушылар ақынның өмірлік және шығармашылық жолымен танысты. Қонағымыз балалардың сұрақтарына жауап беріп, өзінің шығармаларымен таныстырды. Кездесу кешінің соныңда Еламан Аманұлы оқушыларға өзінің кітаптарын сыйлыққа табыстады.