16.06.2020-ғы № 7231/1.4-/11681 шығыс хаты 16.06.2020-ғы № 4433 кіріс хаты |
Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 129 қаулысымен Халықаралық туризм және меймандостық университеті (бұдан әрі – Университет) құрылғанын хабарлайды.
Университет алдына нақты міндет қойылған – туристік сала, қонақ үй және мейрамхана ісі, дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ туризммен аралас өзге де салалар бойынша мамандарды даярлау.
Университеттің ашылуы 2020 жылғы 1 қазанға жоспарланғанын назарға ала отырып, Сізден студенттерді ақпараттандыру және үгіттеу бағытында қолдау көрсетуді сұраймыз.
Осыған байланысты Сізден кәсіптік бағдар беру сипатындағы мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген видео-роликтерді күніне 5 реттен кем емес 2020 жылдың маусым-қыркүйек айларында өңірлік телеарналар мен интернет-сайттарында көрсетуді сұраймыз.
Осыған байланысты кәсіптік бағдар беру сипатындағы мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген ақпарат пен видео-роликтерді өңірлік телеарналар мен интернет-сайттарында көрсетуді сұраймыз.
қосымша:
1) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жарнамалық ақпарат - 2 бет;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі видео-роликтерді жүктеуге сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/5aAk/Y5s1NwWfc.
Министрдің м.а. С. Мұсайбеков
Н. Байжанов
+7 (7172) 74-27-93
e-mail: n.baizhanov@mcs.gov.kz