Текст
Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында 7 сыныптарда онлайн-режимде "Әр тіл - өзінше ұлы" атты сынып сағаты өткізілді. Оқушылар әлемнің әртүрлі тілдері туралы қызықты материалдар дайындады. Сынып сағаты барысында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына, ҚР Конституциясының 25 жылдығына, әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған еліміздің атаулы күндеріне назар аударылды. Өлеңдерді мәнерлеп оқу дағдыларын көрсетті. Іс-шара оқушылардың бойында патриоттық сезімді, өз еліне деген сүйіспеншілікті, Қазақстан халықтарының тілдеріне құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етті.