Текст
07.09.20 күні 9 "б" сыныбында "Қазақстан халықтарының Тілдері күні"мерекесіне арналған онлайн сынып сағаты өтті. Мақсаты мен міндеттері: ана тіліне және өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу. Мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты ояту, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмді қалыптастыру; Қазақстанда тұратын түрлі этностардың тілдері мен мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу; толерантты тұлғаны қалыптастыру; қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге ұмтылыстарын көтеру.