«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ю. А. Гагарин атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «Общеобразовательная школа №7 имени Ю.А.Гагарина города  Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"БАЛАЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗДАР!" ⠀

11.08.2020

Қалада балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі – терезеден құлау оқиғасы болып табылады. Балалар табиғи қызығушылықпен ашық терезе алдында қауіп-қатерге бейім, өте осал болып келеді.
Көп жағдайда 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін түсінетін жаста емес.
Мысалы, 2016 жылдан бастап 2019 жылдың ағымдағы кезеңіне дейін 59 оқиға тіркелген, оның 15-і өліммен аяқталған, 44-і ауруханаға жатқызылды, 1-і құтқарылды.
Статистика көрсеткендей, көп жағдайда балалардың құлауы олардың ата-анасының қарауынсыз қалуы және жанындағы ересектердің немқұрайлылығы себебінен орын алады.
Балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтауымыз керек?
• 1. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз, терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру кезінде орын алады.
• 2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыз.
• 3. Терезедегі москиттік торларға сенбеңіз! Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды.
• 4. Егер балаңыз бөлмеде болса, терезені және балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы желдеткіштерді немесе тік желдету режимін пайдаланыңыз.
• 5. Бала терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге арнайы бекіткіштер орнатыңыз!
• 6. Терезені қорғаныз, құлпы бар тұтқа немесе тарақ-бұғаттағыш орнатыңыз.
• 7. Егер Сіз балаңызға терезеден бір нәрсе көрсететін болсаңыз, оны мықтылап ұстаңыз, баланың шұғыл қимылдарына дайын болыңыз, алақанды құрғақ ұстаңыз, баланы киімнен ұстамаңыз.
• 8. Егер бекіткіш және сақтандыру құралдарын орнату мүмкіндігі болмаса, бұранданы, тұтқаларды бұрауышпен бұраңыз, бұрауышты қажет болған жағдайда және қолданғаннан кейін бірден алып тастай отырып, оларды жоғарыға қойыңыз.
• 9. Балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйретіңіз. Балалардың үлкендерін өзінен кіші балаларға қарауға үйретіңіз.

/public/files/2020/8/11/110820_013323_1111.pdf 

Просмотров: 250


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст