2017 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі әлемдегі қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен сөз сөйледі. Елбасы мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді дамытудың, ұлттық бірегейлікті сақтаудың, азаматтардың білімі мен санасының ашықтығын насихаттаудың маңыздылығын атап көрсетеді. Сананы жаңғыртудың бұл бағыттары қоғам мен әрбір қазақстандықтың негізгі бағдары болуы тиіс.
«Ю. А. Гагарин атындағы №7 орта мектебі» КММ педагогикалық ұжымы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының бастамасын қолдайды. 3 жыл ішінде оның жобаларын іске асыру шеңберінде («Туған жер», «Сакралдық география», «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет», «100 жаңа есім», «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық») педагогтар, оқушылар және олардың ата-аналарының қатысуымен көптеген іс-шаралар өткізілді. Олар қалалық өлкетану мұражайына экскурсиялар, сәндік-қолданбалы өнер көрмелерін ұйымдастыру, «Үздік еріктілер» байқауына, «Халықтар достығы» фестиваліне қатысу, «Менің есімде! Мен мақтан тұтамын!» Жеңістің 75 жылдығына арналған шығармашылық жобалар, қарттар күнін ұйымдастыру және т.б. Осы іс-шаралардың әрқайсысы өзінің ерекше көңіл-күйімен есте қалды, бірақ ең бастысы осындай іс-шаралар мәдениетті, руханилықты және бірлікті дамытуға көмектеседі.
Директордың ТЖ орынбасары Меирманова О.С.