"Қызыл жіппен-өмір!" 5 желтоқсанда "Горняк" мәдениет үйінде дәстүрлі жыл сайынғы "Қызыл жіп өмір!" акциясы өтті. Халықаралық ЖИТС-пен күрес күніне арналған қала және кент мектептері балалар бірлестіктерінің делегациялары осы мәселеге шығармашылық түрде өз көзқарастарын білдірді. Біреулері би биледі, біреулері ән шырқады, біреулері театрландырылған қойылым жасады. Барлық командалар акция тақырыбына байланысты ұрандарымен болды, сондай-ақ, барлық қатысушылар алдын ала " Стоп, ЖИТС!" постерлерін жасап, осы жерде көрермендер мен қазылар алқасының назарына ұсынды. Біздің мектептің командасын екі номинация бойынша жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық баяндамада - "Жастар - СӨС үшін" номинациясы бойынша, ал постерлер арасында "үздік постер" номинациясы бойынша жеңіске жеткені үшін берілді. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз!
7 ОМ баспасөз орталығы