Текст
Оқу жылының алғашқы сабағы жалпыреспубликалық бірыңғай "Адалдық сағаты" тақырыбы төңірегінде өткізілді. Осы іс-шара аясында 4 сынып оқушылары "Жас Қыран" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қосылды. Салтанатты жиында оқушыларды "Жас Қыран" ұйымының эмблемасымен мектеп директоры Лукашенко В.Л. және қалалық мәслихат депутаты Подолько Н.Б. құттықтады.