1 қыркүйек 2019 жылы жетінші мектеп оқушылары үшін "Алғашқы қоңырау" соғылды. 11 "А" сынып оқушылары мен бірінші сынып оқушыларын қарсы алды: 1"А", 1"Ә", 1 "Б", 1"В", 1"Г" . Мектеп директоры В. Л. Лукашенко барлықтарын көптен күткен және толғандыратын мерекемен құттықтады. Ол сондай-ақ барлық қатысушыларды Білім күнімен құттықтады. Мерекеде Степногорск қ. ББ кәсіподақ төрайымы З.Б.Курсанова қатысты. Ол барлығын мерекемен құттықтады.
Білім күніне арналған сап түзеуде мектептің үздік оқушылары "Жас Ұлан" қатарына қабылданды. Іс-шара барысында мектеп тақырыбына өлеңдер, әндер шырқалды, түлектер мен бірінші сынып оқушылары флешмоб биледі.
Бірінші қоңырау беру құқығы 11 сынып оқушысы Исаев Никита мен 1 "А" сынып оқушысы Ерік Алуаға берілді. Бұл қоңырау оқушыларды "Саналы ұрпақ – жарқын болашақ" тақырыбы бойынша білім сабағына шақырды.