Текст
№7орта мектебінде 24 мамыр күні 4 сыныптар үшін бастауыш мектепті аяқтауларына орай, салтанатты іс шара өтті. Бұл мерекеде озат, әртүрлі интеллектуалдық олимпиада жеңімпаздары марапатталынды. Ата-аналарға мектептегі белсенділігі мен балаларына тәрбие бергендері үшін алғыс xат берілді. Оқушылар мерекелік көңіл-күй әнмен, бимен, құттықтауларымен сыйлады. Олардың алғаш ұстаздары оларға ақыл сөздерін айтып, бастауыш сыныптан орта буынға шығарып салды.