Текст
Ұйымдар тізімі
02.06.2026
2026 жылғы 2 маусымда 11-сынып оқушылары «Қазақстан тарихы» пәні бойынша қорытынды мемлекеттік емтихан тапсырды.
Емтихан түлектердің еліміздің тарихи даму кезеңдері, маңызды оқиғалары, көрнекті тұлғалары және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан үдерістер туралы білімдерін бағалауға бағытталған.
Емтихан белгіленген талаптарға сәйкес және қалыпты жұмыс жағдайында өткізілді. Түлектер қорытынды аттестаттауға жауапкершілікпен қарап, өздерінің дайындық деңгейін жоғары деңгейде көрсетуге ұмтылды.
Түлектерімізге емтиханнан жоғары нәтиже, алдағы өмір жолында толағай табыстар мен мақсаттарына жетулеріне сәттілік тілейміз!
