Ашық сабақ
4 "В" оқушылары және олардың сынып жетекшісі И.В. Базайкина бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігіне қатысты. Орыс тілінен ашық сабақ өткізілді. Тақырыбы: "Етістіктің белгісіздік формасы". Сабақ барысында балалар жаңа тақырыппен танысып, проблемалық сұрақтарға жауап берді, етістіктерді белгісіз түрде тауып, олардағы жұрнақтарды бөліп көрсете білді.