Текст
14 қаңтар күні дене шынықтыру мұғалімі Байжанов Н.Б. 6 "Г" сынып оқушыларымен "Қауіпсіздік ережелері. Арнайы қозғалыс дағдыларын дамыту" атты тақырыпта онлайн форматта ашық сабақ өткізді. Оқушылар қысқы спорт түрлерімен танысып, шаңғымен, конькимен сырғанау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін білді. Сақтық шараларын қолданбай қысқы спорт түрлерімен айналысса дене жарақатын алу мүмкіндігі туралы ескертілді.