Текст
10.02.2023
Степногорск қаласы бойынша Ю.А. Гагарин атыңдағы № 7 жалпы орат білім беретін мектептің 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепті жария талқылау.
Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша
білім бөлімі Степногорск қаласының
Ю.А. ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ
№7 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ»
ММ Сіздің назарыңызға 2023 жылғы 1 наурыздан бастап ресми интернет-ресурста Степногорск қаласы бойынша...
10.11.2022
"Баланы тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі отбасы мен мектептің ерекшеліктері" атты жалпы мектептік ата-аналар жиналысы.
10 Қарашада "Баланы тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі отбасы мен мектептің ерекшеліктері" атты жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті, онда әр сыныптың өкілдері қатысты. Ата-аналар алдында Ю.А. Гагарин атындағы №7 ЖОББ мектебі басшының м.а. Оспанова Д.К. сөз...
10.11.2022
20 қазан 2022 Қазақстан Республикасы Президетінің сайлауы
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0owYcUttJ1KuAhbUKRts5NnJXQDqBgtNeoDPAfDZ58uZcJh1CkgES4jEb65WF3vN3l&id=100032217731450
10.11.2022
Кездесу «EMCAgro» ЖШС және «BioOperations» ЖШС-да өтті. Бұл – аудандағы шикізатты өңдеумен айналысатын ірі өндірістік нысандар. Депутат Д.Колода сайлаушыларды ҚР президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Сондай-ақ РҚШ мүшелері денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен және Тайынша ауданының жұртшылығымен кездесті.
10.11.2022
Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген 16 күнде алты өңірде болды: Астанада, Қарағанды облысында, Ақмола облысында, Түркістан облысында, Шымкент және Алматы қалаларында халықтың түрлі топтарымен кездесулер өткізді. Штаб мәліметтеріне сәйкес, кандидат 6 өңірде 3000-нан аса тұрғынмен 15 кездесу өткізген.
10.11.2022
Кездесу барысында кандидат кәсіпорын жұмысшыларымен еңбек адамының рөлін көтеру мәселесін және елдегі жеңіл өнеркәсіп жағдайын талқылады. Өзінің саулауалды бағдарламасына қатысты сұрақтарға жауап берді. «DANMARD» ЖШС әскер мен өрт сөндірушілерге киім тігеді. Кәсіпорын бүгінде өзіндік өнім өндірісін дамытып, жетілдіруге ден қойып отыр.
10.11.2022
Халыққа тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі вакцинация екенін атап өтті. Осы жылы бюджет қаражатына Ресейде шығарылған «ГРИППОЛ+» вакцинасының 2,3 млн дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында алдағы маусымдағы вирустарға қарсы штаммдар бар. Бұл жалпы республика халқының 12%-ын қамтуға мүмкіндік береді, ДДҰ ұсынған көрсеткіш – кемінде 10%. Бұл туралы спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады. «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың осал топтары егіледі, оның ішінде медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша егу жүргізіледі. Қазан айының басынан бастап халыққа тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде. Республика бойынша тұмауға қарсы 2 136,5 адам немесе жалпы республика халқының 11,3%-ы егілді, оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 2 054 мың адам; жұмыс берушілер есебінен 51 650 адам; ақылы негізде 30 700 адам екпе салдырды. Вакцинация алғандар арасында 14 жасқа дейінгі балалар – 468 579 (22%), ересек адамдар – 78% құрайды», - деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары https://ortcom.kz/kk/novosti/1667976279
10.11.2022
Мамандар тұмаудың алдын алу үшін профилактикалық шараларды сақтауға шақырды Тұмау кенеттен басталып, температура күрт жоғарылайды. Дененің айқын интоксикациясы байқалады, қалтырау, адинамия, бұлшықеттің және бастың ауыруы, дененің сырқырауы сияқты белгілері болады. Кез келген басқа вирустық инфекция кезінде әдетте катаральдық белгілер басым болады, содан кейін осы катаральдық белгілермен бірге температура пайда болады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова аурудың алдын алу үшін профилактикалық шараларды сақтауға шақырды. «Адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық бөлмелерге баруды шектеу, бөлмелерді желдету, антисептикалық құралдарды пайдаланып, дезинфекциялық режимді күшейту, қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдалану, науқас адамдармен байланысты шектеу, оларды оқшаулау, ауырғандардың 80%-ы балалар екенін ескере отырып, тұмау мен ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдырып, ұйымдасқан ұжымдарға жібермеу керек. Сондай-ақ медициналық көмекке уақытылы жүгіну керек», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде. https://ortcom.kz/kk/novosti/1667976486
10.11.2022
Халықты әлеуметтік қолдау шаралары күшейтіледі - Тамара Дүйсенова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ақмола облысына жұмыс сапары аясында көпбалалы аналармен, мүгедектігі бар адамдармен, зейнеткерлермен және ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізді. Министр балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту және қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру шаралары туралы айтып берді. Тамара Дүйсенова өз сөзінің басында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қолдауды жақсартуға бағытталған бірқатар шараларды көздейтін әлеуметтік кодекстің жобасын әзірлегенін хабарлады. «Әлеуметтік кодекстің жобасын әзірлеу барысында сарапшылар мен азаматтық қоғамдастық тарапынан 1000-нан астам ұсыныстар түсті, 50-ден астам заң мен 200 заңға тәуелді актілер жан-жақты зерделенді. Әлеуметтік кодекстің қабылдануына орай 80-нен астам заңға өзгерістер енгізілетін болады, сондай-ақ 10 заң өзінің күшін жояды. Әлеуметтік кодекс әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде мемлекет тарапынан көмекті қамтамасыз ете отырып, азаматтарды өмір бойы сүйемелдейтін болады. Бұл ретте азаматтардың жекелеген осал санаттарын қолдау тәсілінен қазақстандық отбасын нығайту мен дамыту үшін базалық жағдайлар жасауға көшу жүзеге асырылатын болады», – деді Дүйсенова. Министр Әлеуметтік кодексті іске асыру құралдарының құрамдас бір бөлігі осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде іске қосылған Отбасының цифрлық картасы болатынын атап өтті. Бұл мемлекеттік органдарға азаматтардың жүгінуін күтпестен проактивті форматта көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Іске қосылған сәттен бастап 36 мың адамға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS хабарлама жолданады. Бұл ретте өтінішсіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 7 мыңнан астам адам пайдаланды. Министр Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Әлеуметтік кодекс жобасын іске асыру шеңберінде бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемді төлеу мерзімін ұзарту, марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерін ұлғайту жолымен балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту көзделгенін атап өтті. Сондай-ақ, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын арнайы жинақтау шоттарына аудару көзделген. Тамара Дүйсенова әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту ірі интернат-үйлерде қызмет көрсетуден олардың қызмет алушылары тұратын жерлерде орналасқан шағын жинақталған әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында қызмет көрсетуге көшу жолымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін кеңейту есебінен жүзеге асырылатынын хабарлады. Бұдан басқа арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың отбасының жұмыссыз мүшелерін әлеуметтік қызметтерге тарту жоспарлануда. Оларға тиісті еңбекақы, әлеуметтік аударымдар және еңбек өтіліндегі осы қызмет түрін ескере отырып, жеке көмекші ретінде ресімдеу мүмкіндігі беріледі. Қатысушыларға қойылатын негізгі талап олардың осындай қызметтерді көрсету үшін тиісті дағдыларының, икемі мен біліктіліктерінің болуы қажет. https://ortcom.kz/kk/novosti/1667975918
10.11.2022
Балаларда тұмау көбінесе жеңіл түрде өтеді Қазіргі кезде тұмау, ЖРВИ өршіп тұр. Ересектер арасында әрбір 10-шы адам ауырса, балалар арасында әрбір 3-ші бала ауырады. Бұл уақытта балалардың ауырғанына ата-аналар көңіл бөлу керек. Аурудың 80% жеңіл түрде өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Астана медицина университеті» АҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешева мәлім етті. «Бұған қарамастан бірінші күннен бастап баламен бірге ата-анасы үйде қалуы керек. Оны мектепке және т.б. жерлерге апармау қажет. Себебі ол балабақшада, мектепте ауруды басқаларға жұқтыруы немесе оны асқындырып алуы мүмкін. Тұмаудың қауіпті клиникалық көріністері: температура көтеріліп, түспесе, жөтел пайда болса. Сондай-ақ құсу, бас ауруы, температура жоғары болса, бұл мидың зақымдануының белгісі болуы ықтимал. Сондықтан бұл жағдайда баланы дәрігерге көрсеткен жөн. Баланың дауысы өзгеріп, қарлығып кетсе, ентікпе болса, ол да қауіпті. Балаға неғұрлым ертерек көңіл бөлсеңіз, ол соғұрлым тез жазылады», - деді маман. https://ortcom.kz/kk/novosti/1667976627