Текст
10.11.2022
Халықты әлеуметтік қолдау шаралары күшейтіледі - Тамара Дүйсенова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ақмола облысына жұмыс сапары аясында көпбалалы аналармен, мүгедектігі бар адамдармен, зейнеткерлермен және ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізді. Министр балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту және қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру шаралары туралы айтып берді. Тамара Дүйсенова өз сөзінің басында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қолдауды жақсартуға бағытталған бірқатар шараларды көздейтін әлеуметтік кодекстің жобасын әзірлегенін хабарлады. «Әлеуметтік кодекстің жобасын әзірлеу барысында сарапшылар мен азаматтық қоғамдастық тарапынан 1000-нан астам ұсыныстар түсті, 50-ден астам заң мен 200 заңға тәуелді актілер жан-жақты зерделенді. Әлеуметтік кодекстің қабылдануына орай 80-нен астам заңға өзгерістер енгізілетін болады, сондай-ақ 10 заң өзінің күшін жояды. Әлеуметтік кодекс әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде мемлекет тарапынан көмекті қамтамасыз ете отырып, азаматтарды өмір бойы сүйемелдейтін болады. Бұл ретте азаматтардың жекелеген осал санаттарын қолдау тәсілінен қазақстандық отбасын нығайту мен дамыту үшін базалық жағдайлар жасауға көшу жүзеге асырылатын болады», – деді Дүйсенова. Министр Әлеуметтік кодексті іске асыру құралдарының құрамдас бір бөлігі осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде іске қосылған Отбасының цифрлық картасы болатынын атап өтті. Бұл мемлекеттік органдарға азаматтардың жүгінуін күтпестен проактивті форматта көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Іске қосылған сәттен бастап 36 мың адамға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS хабарлама жолданады. Бұл ретте өтінішсіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 7 мыңнан астам адам пайдаланды. Министр Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Әлеуметтік кодекс жобасын іске асыру шеңберінде бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемді төлеу мерзімін ұзарту, марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерін ұлғайту жолымен балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту көзделгенін атап өтті. Сондай-ақ, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын арнайы жинақтау шоттарына аудару көзделген. Тамара Дүйсенова әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту ірі интернат-үйлерде қызмет көрсетуден олардың қызмет алушылары тұратын жерлерде орналасқан шағын жинақталған әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында қызмет көрсетуге көшу жолымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін кеңейту есебінен жүзеге асырылатынын хабарлады. Бұдан басқа арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың отбасының жұмыссыз мүшелерін әлеуметтік қызметтерге тарту жоспарлануда. Оларға тиісті еңбекақы, әлеуметтік аударымдар және еңбек өтіліндегі осы қызмет түрін ескере отырып, жеке көмекші ретінде ресімдеу мүмкіндігі беріледі. Қатысушыларға қойылатын негізгі талап олардың осындай қызметтерді көрсету үшін тиісті дағдыларының, икемі мен біліктіліктерінің болуы қажет. https://ortcom.kz/kk/novosti/1667975918
10.11.2022
Балаларда тұмау көбінесе жеңіл түрде өтеді Қазіргі кезде тұмау, ЖРВИ өршіп тұр. Ересектер арасында әрбір 10-шы адам ауырса, балалар арасында әрбір 3-ші бала ауырады. Бұл уақытта балалардың ауырғанына ата-аналар көңіл бөлу керек. Аурудың 80% жеңіл түрде өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Астана медицина университеті» АҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешева мәлім етті. «Бұған қарамастан бірінші күннен бастап баламен бірге ата-анасы үйде қалуы керек. Оны мектепке және т.б. жерлерге апармау қажет. Себебі ол балабақшада, мектепте ауруды басқаларға жұқтыруы немесе оны асқындырып алуы мүмкін. Тұмаудың қауіпті клиникалық көріністері: температура көтеріліп, түспесе, жөтел пайда болса. Сондай-ақ құсу, бас ауруы, температура жоғары болса, бұл мидың зақымдануының белгісі болуы ықтимал. Сондықтан бұл жағдайда баланы дәрігерге көрсеткен жөн. Баланың дауысы өзгеріп, қарлығып кетсе, ентікпе болса, ол да қауіпті. Балаға неғұрлым ертерек көңіл бөлсеңіз, ол соғұрлым тез жазылады», - деді маман. https://ortcom.kz/kk/novosti/1667976627
10.11.2022
ІІМ-де ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесу өтті Қатысушылар адам құқықтарын сақтау, адам саудасына қарсы күрес, киберқылмысқа, экстремизмге қарсы іс-қимыл, сондай-ақ басқа да бірқатар маңызды бағыттар бойынша өзара іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Марат Ахметжанов ішкі істер органдарында жүргізіліп жатқан реформалар, полиция жұмысының сервистік моделін енгізу және тұтастай алғанда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асырылып жатқандығы жайында әңгімеледі. Ол ел Президентінің адам құқықтарын қамтамасыз етуге, құқық қорғау қызметін жетілдіруге ерекше назар аударатынын атап өтті және осы саладағы халықаралық стандарттарды сақтау жөніндегі жұмыс туралы айтып берді. ІІМ өз қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатқаны атап өтілді. Құрылым оңтайландырылды, қызметкерлер саны қысқарды, артық басқару буындары мен басшылық лауазымдар жойылды. Полиция қызметін бағалау жүйесі қайта қаралды, оның негізгі критерийі қазіргі уақытта азаматтардың қауіпсіздігі мен халықтың сенім деңгейі болып табылады. Барлық жұмыстар халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, заңдылық пен әділеттілік қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған. Министрлік басқа да күрделі өзгерістер жүргізуде. Негізгі мақсат – бюрократиядан адамға бағытталған жұмыс моделіне көшу. Автоматтандыру және цифрландыру арқылы ішкі жұмыс процестерінің тиімді жүйесі құрылуда. Полиция қызметін бюрократиядан арылту жұмыстары жүргізілуде. – Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне ревизия жүргізілуде, оның шеңберінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету нормалары жетілдірілуде. Министрлік қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын әзірлеуде. Басты басымдықтар – халықпен сындарлы диалог, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне бірлесіп қатысу, – деп атап өтті Марат Ахметжанов. Соңында қатысушылар ынтымақтастықтың басымдықтары мен перспективалары туралы пікір алмасты. https://ortcom.kz/kk/novosti/1667963624
10.11.2022
2025 жылға дейін жастар үшін 12 мың жалға берілетін пәтер салынады – ҚР ИИДМ Мемлекет басшысының жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы тапсырмасына орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кешенді іс-шаралар жоспарын қабылдады. Осыған орай алдағы үш жылда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жалға берілетін 12 мың пәтер салынбақ. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына сәйкес 2025 жылға дейін жыл сайын 3 мың пәтер салу және сатып алу көзделіп отыр. Биыл осы мақсатта республикалық бюджеттен 21,6 млрд теңге қарастырылған. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бес жыл мерзімге беріледі. Осы кезең ішінде жастардың өз баспанасының бастапқы жарнасын жинау мүмкіндігі тумақ. Ал кейіннен босаған тұрғын үй келесі үміткерлерге беріледі. Жалпы алғанда, 2019 жылдан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс істейтін жастарға еліміздегі үш мегаполисте 7 мыңға жуық жалға берілетін пәтер салынды. Сонымен қатар бүгінде Астана қаласында «Елорда жастары», Алматы қаласында «Алматы жастары», Қарағанды облысында «Қарағанды жастары», Жамбыл облысында «Әулие ата жастары», Батыс Қазақстан облысында «Орал жастары», Қостанай облысында «Қостанай жастары», Алматы облысында «Алатау жастары», Атырау облысында «Атырау жастары» тұрғын үй бағдарламалары іске қосылды. Бұдан бөлек, Павлодар облысында «Ертіс жастары», Абай облысында «Абай жастары», Ақтөбе облысында «Ақтөбе жастары» өңірлік несиелендіру бағдарламалары даярлануда. Өңірлік бағдарламалар жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ жергілікті бюджеттен және 5 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген. Алғашқы жарна көлемі – 0-10 пайызды құрайды. Несиелендіру мерзімі – 25 жылға дейін. https://ortcom.kz/kk/novosti/1667913153
10.11.2022
Қазақстандық екі университет Азиядағы үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына кірді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 44-орынға ие болды, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 96-орынға орналасты. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек QS Quacquarelli Symonds президенті Нунцио Кваквареллимен кездесті. Жиынға жоғары оқу орындарының ректорлары да қатысты. Олар қазақстандық университеттердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқылады. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да өткен кездесуде QS Quacquarelli Symonds негізін қалаушы Нунцио Квакварелли тұсаукесер өткізді. Оның айтуынша, Қазақстан Азия университеттері рейтингінің жаңа шығарылымында үздік нәтижелер көрсетті. Екі қазақстандық жоғары оқу орны Азиядағы үздік 100 университеттің қатарына кірді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 44-орынды иеленіп, үздік азиялық жоғары оқу орындарының топ-50 тізіміне енді. Ал, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 96-орынға орналасты. Қазақстан Орталық Азияның басқа елдеріне қарағанда рейтингте көш ілгері. Үздік азиялық жоғары оқу орындарының тізбесінде еліміздің 32 университеті бар. Орталық Азияның үздік үштігіне де қазақстандық жоғары оқу орындары енген. Олар халықаралық индикаторлар бойынша ең жоғары орындарда тұр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия өңіріндегі жұмыс берушілер арасында академиялық беделдің ең жоғары көрсеткіштеріне ие. Үздік үштікке Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және Satbayev University кірді. «Еліміздегі жоғары білім саласы халықаралық деңгейде танылып келе жатқанын көріп отырмыз. Әлемдік рейтингтерде алға жылжу – қазақстандық білім беру сапасы мен университеттердің мәртебесін жақсартудың көрнекі дәлелі. Бұл біздің жоғары оқу орындарының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді», – деді министр. Министр Саясат Нұрбек шетелдік мейманға елімізге сапары үшін алғысын білдіріп, қазақстандық жоғары оқу орындары QS рейтингінде жаңа шыңдарға жету үшін жұмысты жалғастыратынын атап өтті. https://ortcom.kz/kk/novosti/1667911189
10.11.2022
Көптен күткен 2,4 мыңнан астам сәби «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы шеңберінде дүниеге келді «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы аясында жыл сайын ЭКҰ-ның қосалқы репродуктивті рәсімдерін жүргізуге 7 000 квота бөлінеді, соның нәтижесінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша 3 249 әйел жүктілік бойынша есепке алынды, 2 097 отбасында көптен күткен 2 461 бала дүниеге келді. Оның ішінде 1 288 қыз және 1 172 ұл, 364 бала көп ұрықты жүктіліктен туылды. Мемлекет басшысы «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс – қимыл уақыты» атты халыққа Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап ЭКҰ-ға квоталарды 7 есеге ұлғайта отырып іске қосуды тапсырған болатын, оған республикалық бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Мемлекет басшысының Жолдауын сапалы іске асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар іс-шаралар өткізді: жетекші мамандандырылған мамандар мен денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар арасынан Сараптамалық кеңес құрылды; «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы бекітілді, оны іске асыру шеңберінде КРТ бойынша нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралды; өңірлер бөлінісінде бедеулігі бар пациенттердің (әйелдер мен ерлер) тізімдері өзектендірілді; ұрпақты болу жасындағы әйелдер мен ерлердің санын ескере отырып, өңірлер бойынша 7000 ЭКҰ циклі бөлінді; Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) медициналық ұйымдар бөлінісінде ЭКҰ қызметтерінің көлемін орналастырды. МӘМС жүйесінде ЭКҰ өткізу бойынша қызметтерді бүгінде 19 клиника ұсынады (оның 3-і мемлекеттік, 16-сы жеке медициналық ұйымдар). https://ortcom.kz/kk/novosti/1667907610
10.11.2022
Мұғалімдер құқықтары бұзылған жағдайда Оқу-ағарту министрлігінің telegram чатына хабарлай алады Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті «Педагогті қорғау» (https://t.me/KOKSO_MP) Telegram чатын іске қосты. Қазірдің өзінде чатқа 2 мыңнан астам адам қосылды. Бұл чатта мұғалімдер өз құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады. Мысалы, міндеттен тыс функцияларға тарту, шамадан тыс есеп беру және т.б. туралы. Телеграмдағы чатқа келген барлық ақпарат тексеріліп, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және аумақтық департаменттердің мамандары өтініштерге жедел түрде жауап беріп, мұғалімдермен байланысады. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды көздейтін «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданған болатын. Мұғалімдер шамадан тыс есеп беруден босатылды. Қазіргі күні педагогтер күніне тек екі құжат қана, яғни сынып журналын мен қысқа мерзімді (сабақ) жоспарын толтыруы керек. Құжаттардың нақты тізімі бар және оны барлығы сақтауы қажет. Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден басқа құжаттарды толтыруды талап етуге құқығы жоқ. Егер мұғалімдердің құқықтарын бұзу анықталса, онда комитет тиісті шараларды қабылдайды. Сонымен қатар өңірлерде аумақтық департаменттер жанынан педагогикалық әдеп және мұғалімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер жұмыс істейтінін еске саламыз», - деді Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов. https://ortcom.kz/kk/novosti/1667905868
10.11.2022
Ірі шетелдік инвесторлар Қазақстанның инвестициялық ахуалының жай-күйі туралы өз пікірлерімен бөлісті Астанада Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын зерттеу нәтижелері таныстырылды. Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қатысты. Панельдік сессия аясында ҰЭМ басшысы қазіргі геосаяси жағдайда ел экономикасының дамуына қатысты бірқатар сұрақтарға жауап беріп, әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылу барысы туралы айтты. Сондай-ақ, министр инвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторларды қолдау құралдарын жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға жеке тоқталды. Осы бағыттағы оң динамика EY компаниясы Euromoney және fDI Market Intelligence-пен бірлесіп жүргізген зерттеу нәтижелерінде атап өтілді. Сауалнамаға әлемнің түкпір-түкпірінен 116 шетелдік инвесторлар қатысты. Олардың ішінде айналымы 1,5 млрд еуродан асатын 33 компания және айналымы 1,5 млрд еуродан төмен 83 компания бар. Шетелдік сарапшылардың айтуынша, бүгінде Қазақстан өңірдегі инвестициялар үшін ең танымал елдердің біріне айналды. Сауалнамаға қатысқан инвесторлардың үштен екісінен астамы ҚР-да өз қызметін жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, шетелдік бизнес тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Олардың қатарында қолайлы нормативтік ортаны және экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету, цифрлық экономиканы дамыту, сондай-ақ салық салудың әділ және ашық тәсіліне жәрдемдесу https://ortcom.kz/kk/novosti/1667905251
09.11.2022
9 қараша тамақтану күні
/public/files/2022/11/9/091122_133521_dokument-microsoft-word.pdf
09.11.2022
8 қарашада "Мета-пәндік нәтижелерді қалыптастырудың негізі ретінде жүйелілік-белсенділік тәсілі" тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес жұмысының барысында келесі мәселелер қаралды: 1. Lesson Study сабақ тәжірибесін жасауға бағытталған сабақты зерттеудің ерекше түрі ретінде. 2. 1 тоқсандағы сабаққа қатысу және оқу-тәрбие жұмысының мониторингі. 3. 2 тоқсанда оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.