Текст
2 «Б» сыныбында «Сәлем, Наурыз мерекесі!» атты сынып сағаты өтті. Бұл шараның мақсаты: - оқушылардың Қазақстан мемлекеттік мерекелері туралы білімдерін кеңейту; - өз елінің тарихына, оның салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сынып сағатын дайындауда балалардың жас ерекшеліктері ескерілді. Сынып сағатында балалар жұмбақтарды тауып, орыс және қазақ тілдерінде ұлттық тағамды «Наурыз-көжені" «пісіріп", ұлттық ою-өрнектермен безендірілген кілемдерді «тоқыды". Іс-шараға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, іс-шарамыздың әр кезеңіне қуана қатысты.