01.10.2021 / Мұғалімдер күні қарсаңында мектебіміздің түлектері өз мұғалімдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Мерекеге дайындық алдын ала жүргізілді: балалар музыкалық нөмірлер, пародиялық қойылымдар, бейнеқұттықтаулар және көптеген жылы сөздер дайындады! Әр педагогқа номинациялардың бірінде сертификат берілді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, жайлылық пен махаббат атмосферасы орнады, мұғалімдер нөмірлерге қуана қатысты. Мұғалімдер күнін мерекелеуге біздің мектептің педагогтары Степногорск қаласының білім беруді дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Педагог-зерттеушілерді Людмила Александровна Цыбульская мен Инна Викторовна Шитованы құттықтаймыз! Қала мұғалімдері кәсіподағының Құрмет грамотасын Гончарова Нина Оскаровна мен Закариянова Баян Төлегеновнаға тапсырды!
Әрине, сыйлықсыз қалай? Білім қызметкерлері кәсіподағынан барлық мұғалімдері керемет сыйлықтар алды! Біздің 11 "А" және 11 "Б" сынып оқушыларымызға нағыз мереке, құрмет, Ризашылық және махаббат үшін үлкен рахмет!