2018 жылдың ақпан айының 13 жұлдызында Степногорск қаласының №7 орта мектебінде «Жаңартылған білім беру-оқушының сапалы өсуінің негізгі бағыты» тақырыбы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық семинары өтіп, әдістеме бірлестігінің мұғалімдері белсене қатысты. Директордың ОТЖ меңгерушісі Г.Жуварова мектеп туралы қысқаша мәлімет беріп, санаулы уақыттарын бөліп келгендерге рахмет айтып, еңбектеріне шығармашылық, қажырлы денсаулық, саналы шәкірт, сапалы білім және жолдарына сәттілік тілей отырып, биәктің шыңын бағындыра берулеріне ниет білдірді. Семинар барысында 4 ұстаз сабақ беріп, өз тәжірибелерімен алмасты. Атап айтар болсақ, Молдахметова
А.Е (« Бірінші байлық-денсаулық», 7 сынып) , Смаилова А.Б («Дара және күрделі сөздер» , 6 сынып), Турсунбаева Б.А (« Аққу, Шортан, һәм Шаян» ), 4 сынып, Жанжигитова А.Б ( «Асан қайғы» 5 сынып ) бойынша сабақтар көрсетілді.