«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ю. А. Гагарин атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «Общеобразовательная школа №7 имени Ю.А.Гагарина города  Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚР Үкіметінде оңтүстік облыстардағы ирригациялық және дренаждық жүйелерді жаңғырту мәселесі талқыланды ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

08.09.2023

ҚР Үкіметінде оңтүстік облыстардағы ирригациялық және дренаждық жүйелерді жаңғырту мәселесі талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Іс-шараға Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы және «Самұрық-Қазына» қорының басшылары қатысты.

Отырыста Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жалпы ауданы 105 мың гектардан асатын ирригациялық және дренаждық жүйелерді салу мен реконструкциялау, сондай-ақ 1 500 ауылдық елді мекенді жылдам интернетке қосудың өзекті мәселелері талқыланды. Бұл шамамен 200 мың үй шаруашылығын немесе 1 млн-нан астам адамды қамтиды.

Сонымен қатар өңірдің көлік байланысын жақсартуға, логистикалық қызметтер мен сауда-саттықты дамытуды ынталандыруға мүмкіндік беретін «Қарағанды – Жезқазған» автожолын реконструкциялау, сондай-ақ Ақтөбе қаласында жаңа кәріз-тазарту ғимараттарын салу жоспарлары қаралды. Одан бөлек қатысушылар бірқатар теміржолдарды жаңғырту, жаңа жолаушылар вагондары мен электровоздарды сатып алу мәселелерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына халықаралық қаржы ұйымдарынан тартылатын қаражаттың уақытылы және тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Просмотров: 128


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст