«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ю. А. Гагарин атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «Общеобразовательная школа №7 имени Ю.А.Гагарина города  Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Халыққа тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі вакцинация екенін атап өтті. Осы жылы бюджет қаражатына Ресейде шығарылған «ГРИППОЛ+» вакцинасының 2,3 млн дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында алдағы маусымдағы вирустарға қарсы штаммдар бар. Бұл жалпы республика халқының 12%-ын қамтуға мүмкіндік береді, ДДҰ ұсынған көрсеткіш – кемінде 10%. Бұл туралы спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады. «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың осал топтары егіледі, оның ішінде медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша егу жүргізіледі. Қазан айының басынан бастап халыққа тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде. Республика бойынша тұмауға қарсы 2 136,5 адам немесе жалпы республика халқының 11,3%-ы егілді, оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 2 054 мың адам; жұмыс берушілер есебінен 51 650 адам; ақылы негізде 30 700 адам екпе салдырды. Вакцинация алғандар арасында 14 жасқа дейінгі балалар – 468 579 (22%), ересек адамдар – 78% құрайды», - деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары https://ortcom.kz/kk/novosti/1667976279

10.11.2022

Просмотров: 143


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст