«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ю. А. Гагарин атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «Общеобразовательная школа №7 имени Ю.А.Гагарина города  Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандар тұмаудың алдын алу үшін профилактикалық шараларды сақтауға шақырды Тұмау кенеттен басталып, температура күрт жоғарылайды. Дененің айқын интоксикациясы байқалады, қалтырау, адинамия, бұлшықеттің және бастың ауыруы, дененің сырқырауы сияқты белгілері болады. Кез келген басқа вирустық инфекция кезінде әдетте катаральдық белгілер басым болады, содан кейін осы катаральдық белгілермен бірге температура пайда болады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова аурудың алдын алу үшін профилактикалық шараларды сақтауға шақырды. «Адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық бөлмелерге баруды шектеу, бөлмелерді желдету, антисептикалық құралдарды пайдаланып, дезинфекциялық режимді күшейту, қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдалану, науқас адамдармен байланысты шектеу, оларды оқшаулау, ауырғандардың 80%-ы балалар екенін ескере отырып, тұмау мен ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдырып, ұйымдасқан ұжымдарға жібермеу керек. Сондай-ақ медициналық көмекке уақытылы жүгіну керек», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде. https://ortcom.kz/kk/novosti/1667976486

10.11.2022

Просмотров: 272


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст