АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ «АЛТЫН БЕЛГІ» ТӨСБЕЛГІЛЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін «Bolashaq sarayi» балалар мен жасөспірімдер сарайында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен «Алтын белгі» иегерлеріне құрмет көрсетілді.
Балалар жылы аясында өңір басшысының қолынан 270 ақылды, өз мақсатына ұмтылған, талантты ақмолалық оқушы төсбелгі мен 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.
Бұл балалар барлық оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жоғары білімін, біліктілік деңгейін көрсетті, жыл сайын облыс мектептерінің намысын пәндік олимпиадаларда, конкурстарда және зияткерлік турнирлерде қорғады.
Өз сөзінде Ермек Маржықпаев алтын белгі иегерлерін мектепті табысты аяқтауымен құттықтады. Өңір басшысы жас түлектердің Жаңа қазақстанды құруға қадам басқалы тұрған алғашқы түлектер екенін айта келе, оларға зор сенімін білдірді. Сонымен қатар, жас түлектердің бүгінгі жетістігі білікті ұстаздар мен жауапкершілігі мол ата-аналардың ортақ жемісі екенін атап өтті.
11 "А" сынып түлектері Ходжабаева Балнұр мен Молдабекова Бағжанды құттықтаймыз. Сәттілік және жақсы жол!