2019 жылдың 19 наурызында мектебіміздің 2-інші сыныптар аралығында «Наурыз мейрамы»мерекесі аталып өтті.Оқушылар ата-аналарымен бірге мейрамға жақсы дайындалды.Оқушылар суреттер салып, аналары түрлі тағамдар дайындады.Қонақтар оқушылардың дайындаған тақпақ,әндерін зор ықыласпен тыңдады. Ата-аналар оқушыларға «Тұсау кесу» және «Шашу»салт-дәстүрлерін көрсетті. Бала бесіктен белі шығып,еңбектенуден өткен соң,аяғын қаз-қаз баса бастайды.Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп,өз көзімен алдына қарап,таң –тамаша болады.Осындайда дана қазақ баланың келешегіне ақ жол тілеп, «балам тез жүріп кетсін»деген ниетпен «тұсаукесер»тойын жасайды. Қазақ халқы кез келген тойда тәтті кәмпиттерден немесе ақшадан шашу шашады.Бұл алдағы өмірлері тәтті және баршылықта болсын деген тілекті білдіреді.Концерттік бағдарламадан кейін оқушылар «Сиқырлы ауыл», «Теңге алу», «Қыз қуу» және«Арқан тартыс» ойындарын қызыға ойнады.Мереке түрлі тағамдардан дастарқан жасалуымен аяқталды.