Текст
2019 жылдың 18 наурыз айында мереке қарамағында біздің 7 мектебімізде «Наурыз – думан!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс – шараны екі тілде жүргізушілеріміз ашты. Мерекелік іс-шарада оқушылар, мұғалімдер мен сынып жетекшілері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты: оқушыларды Қазақстандағы халықтың ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру, өз Отанына сүйіспеншілігін ояту.
Осы мерекеде Наурыз туралы өлеңдер айтылды, балалар арасында «арқан тарту» ұлттық ойыны өткізілді, «бесікке салу» қазақтың ұлттық салт-дәстүрі ұсынылды, «қара жорға» биін ұлттық киімдерде киінген қыздар сахнада би биледі, әр түрлі ойындар мен сайыстар өткізілді. Оқушылар сол сайыстарда өз білімдерін көрсетті. Наурыз мерекесі өте көңілді өтті.