№ 7 орта мектебі КММ «Өзін – өзі тану» пәні бойынша онкүндік аясында 7-8 сынып оқушылары үшін өзін-өзі тану пәні мұғалімдері А. И. Гоголева мен Г. Ж. Жуварова «Мейірімділік-адамның жүрегін жылытатын күн» атты сынып сағатын өткізді. Бұл іс-шарада «Өзін-өзі тану» деп аталатын рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту бойынша жаңа білім беру жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның еңбегі айтылды. Балаларға «Жақсылық Бумеранг» әлеуметтік роликті ұжымдық қарау ұйымдастырылды, оның басты идеясы мейірімді іс-әрекеттерді риясыз орындау қажеттігінен тұрады! Жақсылық әрқашан оралады! Соңында барлығы «Жақсылық қымбат!» әнін орындады. Бұл іс-шара мейірімділікке, сыпайылыққа тәрбиелеуге және қайырымды істерге дұрыс көзқарасты анықтауға ықпал етті.