04.09.2026
Білім күнімен! Бүгін мектебімізде жаңа оқу жылының басталуына, Білім күніне орай салтанатты түрде сап түзу іс-шарасы өтті. Оқушылар қатары жаңадан келген жас бүлдіршіндермен толтырылды. 1 "А" сынып жетекшісі Кушкумбаева Сауле Маратовна, 1 "Ә" сынып жетекшісі Хуаныш Гүлзада, 1 "Б" сынып жетекшісі Мұрат Аянур, 1 "В" сынып жетекшісі Пичуричко Татьяна Михайловна және 1 "Г" сынып жетекшісі Скосырская Марина Владимировна оқушыларын қарсы алды. Өздерінің соңғы оқу жылының алғашқы қоңырауына мектеп түлектері де қатысты. Сыңғырлап жаңа оқу жылының қоңырауы соғылды. Жаңа оқу жылына шабыт алған оқушыларға білім шыңына қиындықсыз жетуді, талпыныс пен ізденістерді, мақсаттарына жетуді тілейміз!