14.08.2026
«Ю.А. Гагарин атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына» сәйкес бос лауазымдарға конкурс жариялайды.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1. Белгіленген үлгідегі өтініш (Қағидаларға 3-қосымша);
2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын өзге де құжаттар (бар болған жағдайда);
6. №075/у нысанындағы медициналық анықтама;
7. Психиатрдың динамикалық бақылауында тұрмайтыны туралы анықтама;
8. Наркологтың динамикалық бақылауында тұрмайтыны туралы анықтама;
9. Сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе біліктілік санатының бар екенін растайтын куәлік (бар болған жағдайда);
10. Соңғы жұмыс орнынан немесе оқу орнынан ұсыныс хат.
Құжаттар электрондық форматта https://hr.nobd.edu.kz порталының («Педагогты жұмысқа қабылдау» модулі) арқылы қабылданады.
Конкурс 2026 жылғы 14 тамыз мен 25 тамыз аралығында өткізіледі.
Конкурстық комиссияның құжаттарды қарауы 2026 жылғы 26 тамыз бен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.