09.06.2026
7 «Б» және 10 «Б» сынып оқушылары Астана қаласына танымдық саяхат жасады.
Оқушылар «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешені мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейін аралап, еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалармен танысты, ерлік пен батырлық туралы тың мәліметтер алды.
Экскурсиядан кейін оқушылар батут орталығында демалып, көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсерге бөленді.
Саяхат барлық қатысушылар үшін қызықты, мазмұнды әрі есте қаларлықтай болды!
Басшының ТІЖ орынбасары Балғожина А.М.
Сынып жетекшісі Астраханцева Е.В.