Ұйымдар тізімі
28.05.2026
Мектебімізде «Қауіпсіз жаз – бақытты бала» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында мектеп басшысы Жунусова Динара Муталаповна оқу жылының қорытындысын шығарып, оқушылар мен педагогтердің жетістіктерін атап өтті, емтихандарды өткізу тәртібі және мектеп жанындағы лагерь жұмысы туралы ақпарат берді.
Ата-аналар алдында Степногорск қаласы ПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы Шаракаева Злата Фларидовна, учаскелік инспектор Сейдуаханов Азамат Ермекұлы, ТЖ қызметінің аға инженері Салпыков Сакен Аскарұлы, сондай-ақ «Жаңа Ұрпақ Степ» ҚҚ жобаларының психологі Ломакина Милана Денисовна сөз сөйледі.
Кездесу барысында жазғы кезеңдегі балалар қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың, интернет-алаяқтықтың және жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу мәселелері қарастырылды.
Жиналыс соңында мектеп өміріне белсенді қатысып, балалар тәрбиесіне үлес қосқан ата-аналарға алғыс хаттар табысталды.
Барша ата-аналарға ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз! Балаларымызға қауіпсіз, жарқын әрі қуанышты жаз тілейміз!
