«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ю. А. Гагарин атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «Общеобразовательная школа №7 имени Ю.А.Гагарина города  Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әдістемелік көпір: Инклюзивті мектеп – 2025: үрдістер, қателіктер, үздік кейстер».

30.12.2025

Мұғалімдерді аттестациядан өткізу – педагогтің кәсіби дамуын бағалау мен қолдауға бағытталған маңызды үдеріс. Осы үдерісті дамыту және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Степногорск қаласының Ю.А. Гагарин атындағы №7 жалпы білім беретін орта мектебі КММ-де «Әдістемелік көпір: Инклюзивті мектеп – 2025: үрдістер, қателіктер, үздік кейстер» тақырыбында  өткізілді.
      Іс-шараның негізгі мақсаты – инклюзивті білім беру саласындағы өзекті трендтер мен инновацияларды талқылау, инклюзивті тәжірибелерді іске асыру барысында білім беру ұйымдарында кездесетін типтік қателіктерді анықтау, сондай-ақ барлық білім алушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған табысты тәжірибелермен бөлісу.
«Әдістемелік көпір» – бұл педагогтер арасындағы тәжірибе мен идеяны байланыстыратын, білімді жаңартуға, кәсіби қолдау көрсетуге және педагогтердің кәсіби серпілісіне ықпал ететін тиімді алаң. Аталған іс-шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін, біліктілік деңгейін және атқарып отырған қызметіне сәйкестігін бағалау үдерісінде әдістемелік көмек көрсетуге бағытталды.
Әдістемелік көпір жұмысына қалалық білім бөлімінің сарапшылары мен аттестаттау комиссиясының мүшелері қатысты:
Шаймерденова А.А. – әдістемелік кабинет меңгерушісі;
Рахимжанова К.С., Алипов Е.И., Малофеева О.В., Баязитова Г.Т. – білім бөлімінің әдіскерлері;
Шаяхметова Ж.Б., Довгаль Н.Н., Сулейменова К.Д. – аттестаттау комиссиясының мүшелері.
Іс-шара барысында өз тәжірибелерімен 12 педагог бөлісті. Олар : білімнің іргетасын қалайтын – бастауыш сынып ұстаздары. , шет тілі – әлемге ашылған терезе, оны ашатын – ағылшын тілі ұстазыдары, логика мен дәлдікті өмірге үйрететін – математика мұғалімі, тіршіліктің сырын танытып, табиғатқа құрмет қалыптастыратын – биология ұстазы, дені сау ұрпақ – ел болашағы, ал оны тәрбиелейтін –  дене шынықтыру ұстаздары, әр баланың мүмкіндігін ашу – логопед-дефектологтың кәсіби миссиясы, баланың жан дүниесін түсініп, жол көрсететін – педагог-психологтар. Педагогтер ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар өткізу арқылы инклюзивті білім берудегі кәсіби мүмкіндіктерін, тиімді әдіс-тәсілдерін және практикалық шешімдерін көрсете білді.
      Әрбір ұсынылған тәжірибе инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған нақты қадам ретінде бағаланып, қатысушылар тарапынан жоғары пікірге ие болды. Іс-шара қорытындысында  «Ой мен сана» тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Білім теңізіне салынған әрбір әдістемелік көпір – өзгелерге жол көрсететін шамшырақ» деген ортақ тұжырым жасалды.

Просмотров: 28


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст