"Көлік инфрақұрылымы".

10.04.23 күні  география онкүндігі кезінде 7"А" сыныбында "Көлік инфрақұрылымы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ жоспарына сай әр түрлі заманауи тапсырмалар құрастырылды. Сабақ психологиялық ахуалдан басталып, бір әуенмен қызықты өтіп шықты. Оқушылар постер құрып, көліктерге сабақ мақсатына сай сипаттамалар берді. Ұялы телефон арқылы Qr-кодты сканерлеу арқылы онлайн бағдарламалармен жұмыс жасады. Мұғалім сабақ барысында әр баламен жұмыс жасай білді. Топтық жұмыстан жеке жұмыстар да ұйымдастырылды. Әр бала жасаған жұмысын өзі бағалай алды. Кері байланыс түрлері "Бағдаршам", "Көлік жолдары", "Пойыз вагоны". Негізінен мұғалім кері байланыстарды сабақ тақырыбына сәйкестендіріп алды. Жасалған жұмыстар оқушыларға ұнады. Сабақтан келген қонақтар да жақсы әсер алды. Сабақ өз мақсатына жетті. Пән мұғалімі: Кененбаева Зульфия Кадыровна.

/public/files/2023/4/12/120423_145821_7-a.pdf