Наурыз — жыл басы, көктем мейрамы. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егеді. Наурыз мерекесінде наурыз көже даярланады, дастархан жайылады.
Осыған орай 17.03 күні 1 “А” сыныбында
“Наурыз -думан!” атты іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты: Қазақ халқының ұлы мерекесін тойлау, білім алушылардың патриоттық сезімдерін ояту. Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Іс-шара кезінде оқушылар қазақ халқының ұлттық биін билеп, ән шырқалды. Іс-шарамыздың соңында дастарқан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары және наурыз көже таратылды.