"Қолөнершілер"
"Көркем еңбек" пәнінің онкүндігін жалғастыра отырып, 13 желтоқсанда 6-сынып оқушы-қыздары "Қолөнершілер" ойын-викторинасына белсенді қатысып, өздерін қызықтырған категория мен сұрақ нөмірін таңдай алды, сондай – ақ ребустар, жұмбақтар мен сөзжұмбақтар оларды кабинет қабырғаларының бірінде күтіп, пәнге танымдық қызығушылық тудырды. Сабақтың жалғасында қыздар қолмен тігу дағдыларын дамыта отырып, жаңа жылдық ойыншықтар жасауға қуана кірісті. Мұғалімі-Шитова И.В.