"Қазақстан картасы өз қолыммен" плакаттар байқауы ұйымдастырылды.
География апталығына қатысты 5-6 орыс-қазақ сыныптармен "Қазақстан картасы өз қолыммен" плакаттар байқауы ұйымдастырылды. Сыныптар өз жұмыстарын жоғары деңгейде орындады. Әр плакатқа жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің атынан шығармашылығын анық жеткізіп, ат салысып қатысқан оқушыларға Алғыс хаттар табысталды. Осындай байқаулар оқушыларға өз жерінің кең байтақ екенін, оның ел аумағында орналасқан нысандарын танып, есте сақтауға көп көмектеседі. Сонымен бірге патриоттық сезімге тәрбиелейді.
Байқауды ұйымдастырып, өткізуге қатысқан мұғалімлер: Кененбаева З.К., Бақыт А.А., Грих Л.В.
/public/files/2023/4/13/130423_142844_geografiya4.pdf
