"География білгірлері" зияткерлік сайысы өтті.

07.04 күні география онкүндігі аясында 8 сыныптар арасында "География білгірлері" зияткерлік сайысы өтті. Қатысушылар Бәйге турында мектеп пәндерінен сұрақтарға жауап берсе, "Алты сандық" турында алты тақырыптық бағыт бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды орындады. Зияткерлік сайыстар әрдайым оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, пәнді терең оқуына жетелейді. Сайыс соңында әділ-қазылар алқасы ұпай беру арқылы жеңімпаз қатысушыны анықтады.

/public/files/2023/4/9/090423_033206_0000.pdf