«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ю. А. Гагарин атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «Общеобразовательная школа №7 имени Ю.А.Гагарина города  Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушылардың дұрыс тамақтануын насихаттау жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Дұрыс тамақтану ережелері

Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.

∙         тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.

∙         тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн.

∙         таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты ішпесе, түсте артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресіз.

Оқушылардың дұрыс тамақтануын насихаттау жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Мақсаттар:

1. Тамақтану жүйесін жетілдіру.

2. Балалар мен жасөспірімдерде тамақтану мәдениетінің негіздеріне құндылық қарым-қатынасты қалыптастыру.

Міндеттер:

1. Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған тамақтану ережелері туралы білімдерін кеңейту, осы ережелерді сақтауға дайындығын қалыптастыру.

2. Салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру.

3. Аурулардың алдын алу және оқушылардың денсаулығын сақтау.

4. Дұрыс тамақтануды ұйымдастыру мәселелерінде педагогтар мен ата-аналарға жеткізу.
 

р/с

Іс-шара атауы

Өткізу мерзімі

Жауаптылар

1

Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар бойынша нормативтік құжаттармен танысу.

тамыз, қыркүйек

Мектеп әкімшілігі

2

Тамақтану бойынша мектеп комиссиясын ұйымдастыру

қыркүйек

Мектеп әкімшілігі

3

Оқушыларды тегін және жеңілдікпен тамақтануды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу

үнемі

А. Гоголева

Р.Исаева

4

Тамақтану тақырыптағы әңгімелер, сынып сағаттарын өткізу: - «Тамақтану режимі. Үстелдегі тәртіп ережелері»; - «Тамақтану және денсаулық"»; - «Тамақ арқылы берілетін аурулар. Азық-түлік пен дайын тағамдарды сақтау ережесі".

Жыл бойы

Л. Борисова, медбике

Сынып жетекшілер

5

Мектеп сайтында және әлеуметтік желілерде дұрыс тамақтану мәселелерін жариялау

Жыл бойы

А. Гоголева

6

Ақпараттық стендті ресімдеу «Физикалық сау болу үшін не білу керек?»

Жыл бойы

А. Гоголева

Л. Борисова, медбике

7

«Дұрыс тамақтану"плакаттар сайысы

сәуір

А. Гоголева

 Сынып жетекшілер

8

Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша ата-аналарға жеке кеңес беру.

Жыл бойы

 Сынып жетекшілер

9

Ата-аналарға буклеттерді, ақпараттық стендтерді пайдалана отырып дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттандыру.

Жыл бойы

 А. Гоголева

 Сынып жетекшілер

10

Ата - аналарға арналған «Дұрыс тамақтану – жақсы үлгерімнің КЕПІЛІ» лекторийі.

қыркүйек қаңтар

Сынып жетекшілер

Тамақтану үшін жауапты                                      А. Гоголева

 


Текст