Ашық сабақ. Ана тілі пәнінен "Жуан және жіңішке жұп дауыстылар".
26.01 күні 1"А" сынып, мұғалімі Курумбаева Асемгуль Сеилхановна Ана тілі пәнінен "Жуан және жіңішке жұп дауыстылар" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа оқушылар өте белсенді қатысты. Сабақта оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытатын түрлі сұрақ-жауап әдісі болды. Жуан және жіңішке айтылатын сөздері ажыратып, мақал-мәтелдер айтып "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" т.б тәрбиелік мәнін аша алды. Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі тапсырмалар өткізді. Оқушылар сюжетті суреттер мен жұмыс жасады. "Отан" өлең жолдарына өз ойларын еркін айтып, туған елге деген патриоттық сезімдерін көрсетті. Сабақ өте қызықты, тартымды өтті. Сабақты мұғалімдер "Өте жақсы " деп бағалады.