Ашық сабақ. Сан және санау. Апта күндері.

2022 жылдың 16 ақпанында 0"А" сыныбында бастауыш сынып онкүндігі аясында математикадан ашық сабақ өткізілді.  Сабақтың тақырыбы: Сан және санау. Апта күндері.  Жаңа сабақ "Ақшақар мен 7 құртақан" ертегісі бойынша өтті. Балалар ертегі кейіпкерлері дайындаған тапсырмаларды қуана орындады.  Сабақ барысында оқушылар түрлі қызықты тапсырмалар орындады. Сабақ соңында рефлексия жүргізілді, оның барысында балалар әрқайсысы апта күндерін қаншалықты меңгергенін талдады. Ертегі арқылы  өткізілген сабақ оқушылардың  белсенділігін арттыруға және оқу мотивациясын дамытуға ықпал етті. Мұғалім-Мұрат Аянұр.

/public/files/2022/2/18/180222_212506_2.pdf